Бағдарламаға Елсана аналары қатысты, Сұлтанова Күнсұлу Мұхтарқызы, Алтаева Дамен Биханқызы, Ибрагимова Гүлнарайым Мырзағұлқызы және Сүйесінова Рая Аяшқызы. Ата-бабаларымыздың қыз бала тәрбиелеу дәстүрі, қазіргі заман қыздарының тәрбиесі, қыздарды ісмерлікке баулу,өнерлі қыздар тақырыптарында ой өрбіткен аналарға көрермендер тарапынан да сұрақтар қойылып, пікірлер айтылды.
Ойдың түйіні: қыз баланың тәрбиесі ең алдымен ата-ананың міндеті екендігі, қыздың ары мен намысы, ұятына өскен ортасы жауапты екендігі, тәрбиеге басты назар аударғанда ғана үлбіретіп өсірген қызғалдағымыздың ұлт мақтанышы болуға қол жеткізетіндігімізге ерекше мән берілді.баса айтылды.